Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
Bestnews.kz агенттігі оқырман назарына құттықтау мәтінін ұсынады.
Ардақты ағайын!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қайырымдылық пен жанашырлық, ізгілік пен имандылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мейрам. Салт-дәстүрімізбен берік ұштасқан ата дініміз – елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтың бірі. Құрбан айт қашанда барша жұртты береке-бірлікке үндейді. Ел азаматтарын бауырмал болуға шақырып, бүкіл халқымыздың ырыс-ынтымағын арттырады. Мұсылман баласы бұл күндері отбасы амандығы мен ел тыныштығы үшін құрбандық шалып, жоқ-жітікке көмектеседі, мұқтаж жандарға қамқорлық танытады.
Осындай ізгі ниет пен сауапты іс ел-жұрттың бір-бірімен етене араласуына, өзара сыйластық пен жақсылыққа жол ашады. Құрбан айттың ұлағаты мен өнегесі біздің рухани құндылықтарымызбен үндеседі. Бүгінгі мерекенің мән-маңызы осында деп білемін. Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Читайте новости по меткам:
горячие новости 290 Барыс 247 Город Астана 184 новости министерств 183 Asian Games 2023 181 Алматы 148 Президент Казахстана 139 Куандык Бишимбаев 101 паводки 100 пожары 99 дети 83 происшествия 83 бокс 70 хоккей 68 погода 63 футбол 60 праздники 52 школы 49 доллар 45 налоги 43 МЧС 43 МВД 42 дороги 42 Китай 41 соседи Казахстана 41 авиация 39 Россия 38 нефть 36 Интернет 35 акимы 35