М. Баймуханова 45а 060000 Атырау Атырауская область Казахстан
 

Димаштың анасы Абайдың әнін шырқап халықты сүйсіндірді

  • Поделиться:

Димаштың анасы Абайдың әнін шырқап халықты сүйсіндірді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  ақынның танымдық кешін өткізді, деп хабарлайды Bestnews.kz.

Шараға Департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов, департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов, Департамент жанынан құралған ақпараттық – ағартушылық штаб мүшесі, танымал әнші Светлана Айтбаева, Т.Ахтанов атындағы қазақ драма театрының директоры Олжас Ибраев және қаламыздың ЖОО және колледж студенттері қатысты.

Танымдық кештің басты мақсаты - Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, өлеңдері, әндері арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, жастарды Абай шығармаларын талдай отырып имандылыққа, асыл қасиеттерге баулу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, өскелең ұрпақ пен аға буын арасында сауатты ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.

Шара барысында департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов Абайдың қара сөздерін оқып, қатысушылармен талқыға салып, Абайдың ұлы тұлға екендігін тағы да бір мәрте айта кетті. Ал Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің жас ақындары Ідірісов Мақсат және Тілепбергенова Гүлім Абайға арнап жазған өлендерін тарту етті.

Сонымен қатар кештің құрметті қонағы жерлесіміз, біртуар әнші Димаш Құдайбергеновтың анасы Светлана Айтбаева Абайдың өлеңдерімен байланысты жастық шағындағы қызықты кездерімен бөлісіп, ғұлама ақынның «Желсіз түнде жарық-ай» әнін қатысушылармен бірге шырқады. 

Кеш соңында Департамент басшысы барша қатысушыларды «1-наурыз Алғыс айту» күнімен құттықтап, нәзік жанды аруларға гүл шоқтарын сыйлады.

Bestnews.kz
Подпишитесь на наш Telegram
  • Поделиться:

Запрещается использовать нецензурную лексику, а также нарушать законы Республики Казахстан, защищающие честь и достоинство граждан РК. Запрещается использовать фейки и разжигать межрелигиозную, межрасовую и межнациональную ненависть и рознь!
Подписаться на канал новостей Bestnews:
Google News Yandex News Yandex Zen
Димаштың анасы Абайдың әнін шырқап халықты сүйсіндірді Димаштың анасы Абайдың әнін шырқап халықты сүйсіндірді
М. Баймуханова 45а 060000 Атырау Атырауская область Казахстан