М. Баймуханова 45а 060000 Атырау Атырауская область Казахстан
 

Полный текст выступления Главы государства на VI заседании Нацсовета общественного доверия

  • Поделиться:

Полный текст выступления Главы государства на VI заседании Нацсовета общественного доверия

Президент Казахстана дал несколько важных поручений 

Bestnews.kz публикует полный текст выступления Главы государства на VI заседании Нацсовета общественного доверия.

Құрметті кеңес мүшелері!

Еліміз бір айдан кейін Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл – бүкіл халқымыз үшін айрықша мәні бар мерейлі белес. Сондай-ақ, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды меже. Осыған орай, қоғамдық маңызы бар нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Мен бұған айрықша мән беріп отырмын.    

Жалпы, отыз жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылған реформалар өмірімізді түбегейлі өзгертті. Бұл бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетеді. Біз осы тарихи белеске мықты мемлекет және біртұтас ұлт ретінде жетіп отырмыз. Бірақ жетістіктерге тоқмейілсіп, тоқтап қалмаймыз. Алға ұмтыла береміз.

Саяси жаңғыру, экономика құрылымын өзгерту, әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары тың қарқынмен жалғасуда. Бұған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі зор үлес қосуда.           

Кеңес алғаш құрылған күннен бастап тиімді пікірталас орталығына  айналды. Басқосуларда сан түрлі бастама көтерілді.  Оның бәрі жан-жақты талқыланды. Елге қажет және өміршең ұсыныстар нақты реформаға ұласты.    

Ұлттық кеңестің бастамаларын жүзеге асыру үшін 90-нан астам нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Оның ішінде заңдар, Президент Жарлықтары мен Үкімет қаулылары, министрліктердің бұйрықтары бар. Осыдан-ақ Ұлттық кеңестің тиімді жұмыс істеп жатқанын аңғаруға болады.

Кеңес өз қызметін инклюзивті, ашық және жүйелі жүргізіп келеді. Оның мүшелері, өңірлерге шығып, ел ішіндегі белсенді азаматтармен жиі кездесіп жүр. Осылайша, халықпен тиімді байланыс жасау тәжірибесі қалыптасуда.

Кеңес мүшелеріне азаматтық ұстанымы және елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған жемісті қызметі үшін ризашылығымды білдіремін.    

Құрметті әріптестер!

Біздің мақсатымыз барлық саланы жаппай реформалау емес. Мағынасыз диалогтың да ешкімге қажеті жоқ. Кез-келген өзгеріс халқымыздың тұрмысын жақсарту үшін жасалуы керек. Мемлекеттілігімізді нығайтып, әлеуетімізді арттыруды көздейтін ұсыныстарды ғана жүзеге асырған жөн. Бұл – мен үшін айқын ұстаным.

Ұлттық кеңес қызметіне кірісер кезде қаншама күдік пен күмән болды. Реформа түбегейлі өзгеріс әкелмейді, үстірт жасалады деген пікірлер айтылды. Алайда, жұмыс нәтижесі мұндай пайымның қате екенін көрсетті.

Кеңес екі жылдың ішінде еліміздегі көптеген оң өзгеріске жол ашты. Болашақ ұстаздар мен дәрігерлердің, докторанттардың стипендиясы көбейді. Жоғары оқу орындарында сабақ беретін оқытушылардың жалақысы өсті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылды. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға  білім берудің жаңа ережелері бекітілді. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға берілетін субсидия екі есе ұлғайды.  Игерілмей жатқан жер теліміне салынатын базалық салық ставкасы артты. Ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салынды. Осы жылдан бастап жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік берілді. Оны жылжымайтын мүлік сатып алуға, ипотекалық несиені өтеуге және емделуге жұмсауға болады. Соның арқасында жарты миллионнан астам азаматымыз зейнетақы жинағын өз қажетіне жаратты.

Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды  қолдайтын бірқатар шешім қабылданды.  Биыл алғаш рет көп балалы, мүгедек баласы бар және толық емес отбасылардың балаларына білім гранты берілді.  Соның нәтижесінде осындай отбасында өскен 5 мыңнан астам жеткіншек тегін оқуға мүмкіндік алды. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім беру үшін бөлінетін қаржы екі есе ұлғайды. Қазір бір балаға 730 мың теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Полная версия текста доступна здесь.

Bestnews.kz
Подпишитесь на наш Telegram
  • Поделиться:

Запрещается использовать нецензурную лексику, а также нарушать законы Республики Казахстан, защищающие честь и достоинство граждан РК. Запрещается использовать фейки и разжигать межрелигиозную, межрасовую и межнациональную ненависть и рознь!
Подписаться на канал новостей Bestnews:
Google News Yandex News Yandex Zen
Полный текст выступления Главы государства на VI заседании Нацсовета общественного доверия Полный текст выступления Главы государства на VI заседании Нацсовета общественного доверия
М. Баймуханова 45а 060000 Атырау Атырауская область Казахстан