ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Bestnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.
Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.
Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.
«Сабыр – сәулетті байлық» дейді халқымыз. Рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенемін.
Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!
Читайте новости по меткам:
горячие новости 587 Барыс 343 Президент Казахстана 280 Город Астана 155 погода 152 зимняя Азиада-2025 125 хоккей 120 новости министерств 115 доллар 96 праздники 81 Алматы 80 футбол 78 дети 68 даты 67 Эксклюзив 65 налоги 60 громкие дела 57 Авиакатастрофа в Актау 56 пожары 56 армия 55 ДТП 53 НДС 51 Минздрав 46 соседи Казахстана 44 акимы 42 АЭС в РК 41 дороги 40 школы 40 МВД 39 Фото 38