Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Bestnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Барша Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.
Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Читайте новости по меткам:
горячие новости 565 Барыс 337 Президент Казахстана 275 Город Астана 153 погода 147 хоккей 128 зимняя Азиада-2025 125 новости министерств 112 доллар 92 праздники 83 Алматы 82 футбол 81 дети 67 даты 67 Эксклюзив 62 налоги 60 армия 56 Авиакатастрофа в Актау 56 громкие дела 55 пожары 52 ДТП 50 НДС 48 АЭС в РК 42 соседи Казахстана 42 Россия 40 акимы 40 дороги 40 Китай 38 МВД 38 Минздрав 38