Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
"Қадірлі отандастар!
Ораза айт мейрамы құтты болсын!
Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша.
Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі.
Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін.
Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!
Айт қабыл болсын, ағайын!"
Читайте новости по меткам:
горячие новости 592 Барыс 340 Президент Казахстана 291 погода 152 Город Астана 148 зимняя Азиада-2025 125 хоккей 120 новости министерств 115 доллар 93 праздники 81 Алматы 79 футбол 73 дети 67 даты 67 Эксклюзив 66 налоги 61 громкие дела 59 Авиакатастрофа в Актау 56 пожары 56 армия 54 ДТП 54 НДС 52 Минздрав 46 соседи Казахстана 45 акимы 43 МВД 42 АЭС в РК 42 дороги 40 школы 40 Фото 38