Бұл күн - тағзым күні
«Құрметті отандастар! Сіздерді ел тарихындағы қастерлі де ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, тұтас әлем егеменді Қазақстанды ресми түрде алғаш мойындап, азат ел, дербес мемлекетіміздің берік негізі қаланған айрықша күн.
Бұл күн – азаттық алуға зор үлес қосқан ұлт қайраткерлерін ұлықтап, сол жолда өмірлерін құрбан еткен батырларымыздың рухына тәу етер тағзым күні.
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – әрбір азаматтың қасиетті парызы.
Осынау ұлық мерекеде отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Ел іргесі берік, көк туымыз әрқашан биік болғай!»
Читайте новости по меткам:
горячие новости 580 Барыс 341 Президент Казахстана 277 Город Астана 153 погода 149 хоккей 125 зимняя Азиада-2025 125 новости министерств 115 доллар 94 футбол 84 праздники 82 Алматы 81 дети 68 даты 67 Эксклюзив 65 налоги 60 громкие дела 57 армия 56 Авиакатастрофа в Актау 56 пожары 53 ДТП 53 НДС 51 Минздрав 46 акимы 44 соседи Казахстана 43 АЭС в РК 41 МВД 40 дороги 40 школы 39 Фото 38