$ 511.00
602.72
6.49

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • Поделиться:

  Бұл күн - тағзым күні

«Құрметті отандастар! Сіздерді ел тарихындағы қастерлі де ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, тұтас әлем егеменді Қазақстанды ресми түрде алғаш мойындап, азат ел, дербес мемлекетіміздің берік негізі қаланған айрықша күн.

Бұл күн – азаттық алуға зор үлес қосқан ұлт қайраткерлерін ұлықтап, сол жолда өмірлерін құрбан еткен батырларымыздың рухына тәу етер тағзым күні.

Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – әрбір азаматтың қасиетті парызы.

Осынау ұлық мерекеде отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Ел іргесі берік, көк туымыз әрқашан биік болғай!»

Bestnews.kz Подпишитесь на наш Telegram

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Реклама