Bestnews.kz Президент құттықтауының толық мәтінін жариялайды
"Қымбатты отандастар!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады.
Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады.
Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында.
Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!"
Читайте новости по меткам:
горячие новости 567 Барыс 339 Президент Казахстана 276 Город Астана 154 погода 148 хоккей 128 зимняя Азиада-2025 125 новости министерств 109 доллар 91 праздники 83 Алматы 83 футбол 81 дети 67 даты 67 Эксклюзив 63 налоги 60 громкие дела 57 Авиакатастрофа в Актау 56 армия 54 пожары 52 ДТП 51 НДС 49 соседи Казахстана 44 АЭС в РК 41 Россия 40 акимы 40 дороги 40 МВД 39 школы 38 Минздрав 38