Сметов Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Дзюдодан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Елдос Сметов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, екінші Олимпиададағы екінші медаліне қатысты ойымен бөлісті. Олимпиада жүлдегерінің айтуынша, ол Токио төрінен абыроймен оралу үшін бар күшін салған, деп хабарлайды Bestnews.kz.
«Шыны керек, мен қола емес, алтын аламын деп келдім. Рио Олимпиадасынан кейін татамиден алыстап кетпей, үлкен спортта қалуымның да бір себебі осы еді. Күмістен кейін алтын алғым келді. Еліміздің әнұранын шарықтатып, көк байрағымызды биіктен көруді армандадым. Сол үшін тынбай еңбек еттім де. Бірақ маған бұйырып тұрғаны қола жүлде екен.
Мен барымды салдым, дедi Елдос.
"Ал келесі Олимпиада туралы не айтуға болады? Париж Олимпиадасына бару-бармауым жайлы ештеңені кесіп айта алмаймын. Өте ауыр сұрақ. Маған әлі тынығып, денсаулығымды дұрыстау керек. Сіздерге көрінбегенмен, менің ғана жаныма бататын жарақаттар бар. Соларды емдеу керек. Жоғарыда айттым, менің арманым – Олимпиада алтынын алу. Міне, екінші Олимпиадада алтынға сынық сүйем жерден тоқтап отырмын. Мен алмасам ба, менің бауырларым, қазақ дзюдошылары Олимпиада чемпионы атанса, содан артық бақыт жоқ!"
ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Читайте новости по меткам:
горячие новости 548 Барыс 348 Президент Казахстана 257 Город Астана 155 погода 148 зимняя Азиада-2025 126 хоккей 125 новости министерств 116 доллар 95 футбол 86 праздники 84 Алматы 84 дети 67 даты 67 налоги 64 Эксклюзив 58 громкие дела 57 армия 56 Авиакатастрофа в Актау 56 ДТП 51 НДС 48 пожары 47 АЭС в РК 43 Россия 43 акимы 41 школы 40 МВД 39 Китай 39 обвал тенге 39 дороги 39