Түркістан қалалық полиция бөліміне «102» арқылы жас жігіт хабарласып, оны белгісіз адамдар тобының ұрып соғып кеткендігі туралы айтып, арызданады, деп хабарлайды ТО ПД-ның баспасөз қызметі.
Аталған жайт бойынша бірінші кезекте бірден жақын маңдағы патрульдік полиция тобына хабар беріледі. Полицейлер тез арада оқиға орнына барып, жәбірленушіні тауып алады. Себебі, жәбірленуші жақын маңдағы үйлердің біріне жасырынып қалған болатын. Содан соң полицейлер күдіктілердің ізіне түсіп, жедел іздестіру іс-шараларын атқарады.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» және 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шараларына қалалық полиция басқармасынан тәжірибелі полицейлер тартылды.
Белгілі болғандай, таксист жігітті жол бойында тұрған жігіттер тоқтатып, айтқан жеріне жеткізіп салуын және жол ақысын беретіндігін жеткізген. Таксист оларды мінгізіп алып, келіскен жеріне алып барады.
Алайда жолаушы жігіттер айтқан мекен-жайға жеткеннен соң, жүргізушіні көліктен түсіріп алып, жабылып, ұрып соғу әрекетін жасайды. Одан соң арам пиғылды жігіттер жәбірленушінің 80 мың теңгелік ұялы телефоны мен 17 мыңнан астам теңгесін алып қойып, көліктің жүк салғышына таксистті салып, біршама уақыт бойы көлікті жүргізіп мазақ еткен. Жәбірленуші көлік тоқтаған сәтте жүк салғыштан қашып шығып, бірден полиция қызметкерлеріне хабарласқан.
Қазіргі таңда жәбірленуші таксист жігіт емханада ем қабылдап жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалуда. Күдікті болған бес адамның үшеуі қамауға алынды. Ал қалған екі күдіктіге іздеу жарияланды. Түркістан қалалық полиция басқармасы тергеушілерімен тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ тергеушілер бұл істің әлі де басқа тұстарының ашылуы мүмкіндігін айтуда.
Иллюстрация: zl-ua.news
Читайте новости по меткам:
горячие новости 531 Барыс 396 Президент Казахстана 228 Город Астана 191 погода 147 хоккей 133 зимняя Азиада-2025 127 новости министерств 114 доллар 99 Алматы 90 праздники 84 дети 74 армия 65 футбол 63 даты 59 пожары 57 налоги 57 Авиакатастрофа в Актау 56 МВД 52 Эксклюзив 52 происшествия 43 дороги 43 ДТП 42 школы 42 АЭС в РК 42 акимы 41 обвал тенге 41 Китай 40 Россия 37 нефть 36