Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық полиция бөлім, басқарма қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Bestnews.kz ТО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.
Десекте айтылған ескертулерге қарамастан, талаптарға бағынбау жайты бойынша полицейлер құқықбұзушылықты анықтады.
Сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған нысандарды бақылап, рейд жүргізу кезінде Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Арыс қаласы көшелерінің бірінде орналасқан мейрамхананың жұмыс істеп, ішінде адамдар топтасып, құдалық өткізіп жатқанын анықтады.
Осы заңсыздық бойынша қажетті материалдар жинақталып, әкімшілік шара көру үшін Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберілді.
Читайте новости по меткам:
горячие новости 555 Барыс 349 Президент Казахстана 243 Город Астана 166 погода 149 хоккей 126 зимняя Азиада-2025 126 новости министерств 118 доллар 97 праздники 84 Алматы 84 футбол 83 дети 69 даты 67 налоги 64 Эксклюзив 57 громкие дела 57 Авиакатастрофа в Актау 56 армия 55 ДТП 51 НДС 48 пожары 47 дороги 41 АЭС в РК 40 МВД 40 обвал тенге 40 школы 40 Минздрав 39 Китай 39 МИД РК 38