$ 509.75
594.67
6.46

Ескендір Хасанғалиев өмірден озды

Ескендір Хасанғалиев өмірден озды
Қазақстандық әнші және композитор, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды, деп хабарлайды Bestnews.kz ақпарат агенттігі тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», - деп жазды мәдениет министрінің орынбасары.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы коронавируспен жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған едік.

Фото: shalqar_fm 


Bestnews.kz Подписаться на новости

Ждем рекламу!

Место готово!

Дисконт будет!

Ждем рекламу!

Место готово!

Дисконт будет!