Шектеу шаралары жағдайында бизнестің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық» жобасын қолдануға кәсіпкерлерді тарту жұмыстарын күшейту қажет.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Bestnews.kz тілшісі.
Ералы Тоғжанов осы орайда Шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторинг топтары жұмысы туралы баяндады.
«Жалпы жыл басынан бері 65 мың рейд жүргізілді, 400 мыңнан аса объекті қамтылды, оның аясында 12 мың бұзушылық анықталды. Бұл ретте мониторинг топтарының тиімсіз жұмысы келесі өңірлерге тиесілі. Атырау облысында 30 мың объектіге жүргізілген рейд барысында небәрі 123 ғана бұзушылық тіркелген. Батыс Қазақстан облысында рейдпен қамтылған 17 мың объектінің 47-сінде ғана бұзушылық анықталған. Маңғыстау облысында рейдпен қамтылған 6,5 мың объектінің 18-інде ғана бұзушылық фактілері тіркелген. Павлодар облысында 29,5 мың объектіге жүргізілген рейд барысында небәрі 165 бұзушылық анықталған», – дедi Ералы Тоғжанов.
ҚР Премьер-Министрдің орынбасары айтуынша, «жыл басынан бері барлық өңірлер бойынша азаматтардың қоғамдық орындарда жаппай жиналуымен байланысты 5 мыңға жуық «ӨРЕСКЕЛ» бұзушылық анықталды.»
Оның ішінде 4 мың факті мейрамханалар мен түнгі клубтардың шектеу уақытынан тыс жұмыс істеуімен, 1 мыңға жуық факті тойлар өткізумен байланысты.
«Асқар Ұзақбайұлы, Сіздің тапсырмаңыз бойынша өткен аптада Алматы (99), Шымкент (118) қалаларында, Ақтөбе (69), Алматы (225), Шығыс Қазақстан (269) және Түркістан (177) облыстарында мобильді топтар жұмысы жандандырылды. Жалпы өткен аптада аталған өңірлерде шектеу шараларын бұзудың 957 фактісі анықталды (республика бойынша 1 214), оның ішінде 247 «өрескел» бұзушылықтардың жолы кесілді. Қалған 11 өңірлерде мобильдік топтардың жұмысы төмен деңгейде ұйымдастырылды», - дедi Ералы Тоғжанов.
«Оның ішінде «қызыл» аймаққа енген өңірлерде Батыс Қазақстан облысында - 5 ғана оның ішінде 1 ғана «өрескел» бұзушылық фактісі, Ақмола обылысында 13, оның ішінде 5 «өрескел» факті, Қарағанды облысында 22, оның ішінде 6 өрескел «факті» тіркелген», - деп айтты Тоғжанов.
«Баяндалғандардың негізінде, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдері – қабылданған шектеу шараларының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында. Біріншіден, мобильді мониторинг топтарының жұмысын жандандыруы қажет. Екіншіден, бизнес объектілерімен жұмыс жүргізе отырып, азаматтардың жиналуымен байланысты «өрескел» фактілердің алдын-алу шараларын қамтамасыз ету қажет. Үшіншіден, тұрғындар арасында шектеу шараларын сақтаудың маңызы туралы ақапарттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Төртіншіден, шектеу шаралары жағдайында бизнестің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық» жобасын қолдануға кәсіпкерлерді тарту жұмыстарын күшейту қажет», - деді ҚР Премьер-Министрдің орынбасары.
Иллюстрация: 24.kz
Читайте новости по меткам:
горячие новости 460 Барыс 361 Президент Казахстана 219 Город Астана 202 хоккей 137 зимняя Азиада-2025 126 погода 125 Алматы 114 Олимпиада-2024 110 новости министерств 104 доллар 94 дети 79 праздники 73 футбол 65 происшествия 63 бокс 63 Эксклюзив 56 налоги 56 Авиакатастрофа в Актау 55 пожары 54 МВД 54 армия 51 дороги 50 школы 49 Китай 44 ДТП 41 нефть 41 АЭС в РК 40 акимы 40 Шымкент 39