Қазақстанның «Qlang» онлайн-мектебі еліміздің ең ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, осы жылдың 27 шілдесінен бастап, коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлерінің балаларына арнап, ағылшын тілін тегін оқытатын жаңа әлеуметтік жобасын бастады.
Пандемия кезеңінде негізгі ауыртпалық індетпен күрестің алдыңғы сапынан табылып, күндіз-түні еңбек еткен қазақстандық дәрігерлерге артылды. Денсаулық сақтау саласының шектен тыс жүктемесі карантиндік қатаң шаралар, жұқпалы дерттің кең етек алуы ақ халаттылардың жұмыс тәртібін түбегейлі өзгертті, олар бірнеше айлап, үй көрмей бала-шағасынан жырақта, ауруханада жүр.
Осыған орай, «Qlang» онлайн-мектебі және «Қазақтелеком» АҚ өз отандастарының денсаулығы мен өмірін сақтау үшін нағыз ерлік жасап жүрген бүгінгі күннің батырлары-дәрігерлердің отбасыларына қолдау көрсетіп, осы бір күрделі кезеңнен бірге өту үшін күштерін біріктіруге шешім қабылдады. Бұл ретте ең алдымен, жазғы демалысын қызметтен шыға алмаған дәрігер ата-аналарынсыз өткізуге мәжбүр болған балаларға көңіл бөлу маңызды.
Нәтижесінде, үстіміздегі жылдың 27 шілдесінен бастап барлық медицина қызметкерлерінің балалары www.med.qlang.kz платформасында онлайн режимінде ағылшын тілін тегін оқи алады. «Qlang» интернет-мектебінің курстары платформада орналастырылған, интерактивті тапсырмаларды балаға ыңғайлы кез-келген уақытта орындаумен, сонымен қатар әр бала үшін қолайлы кесте бойынша, тәжірибелі және білікті оқытушылармен сабақ жүргізумен ерекшеленеді.
Мұғалімдермен онлайн сабақ күн сайын өткізіліп тұрады, ал балалар өздерінің негізгі халықаралық тілді меңгеру деңгейін көтеріп қана қоймай, онлайн-әңгімелесу клубында ағылшын тілінде сөйлесуге, сол жерде жаңа таныстар мен достар табуға және курсты аяқтағаннан кейін «Qlang» онлайн мектебінен курсты бітіргені туралы сертификат алуға мүмкіндігі болады.
Бұл курстарды сапалы техникалық қолдау міндетін ең ірі қазақстандық байланыс операторы Қазақтелеком кепілдік береді. Сонымен қатар «Қазақтелеком» компаниялар тобы жобаның техникалық серіктесі ретінде ғана емес, одан бөлек, балаларға арналған онлайн сабақ өткізетін мұғалімдердің еңбек ақысын төлеуді өз мойнына алды. Қазірдің өзінде медицина қызметкерлерінің мобильді нөмірлеріне жеке кодтары бар SMS-хабарлама жолдады.
«Қазақтелекомға» біздің бастамамызды қолдағаны үшін - дәрігерлерге және олардың балаларына осынау күрделі кезеңде көмектесуге ықылас білдіргені үшін алғысымызды білдіреміз. «Қазақтелеком» медицина қызметкерлерінің балаларына көмектесу идеясын бірден іліп әкетті, және жан-жақты қолдау көрсетуге дереу шешім қабылдады, - дейді «Qlang» ЖШС бас директоры Константин Орлов.
- «Қазақтелеком» АҚ балаларға арналған онлайн сабақтар өткізетін мұғалімдердің еңбекақысын төлеуді өз мойындарына алып қана қоймай, сонымен қатар онлайн сабақтарды өткізу үшін біздің «Qlang» сайтының трафигі үшін ақы алмайтын болды. Сонымен қатар, науқанның барысында біздің сайтымызды пайдаланушылардан трафик ақысы алынбайды. Біз «Қазақтелекомға» Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған осындай бастамаларды қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз», - деді ол.
«Қазақтелеком» АҚ Бөлшек сауда Дивизионының сату жөніндегі директоры Ринат Жексеновтың айтуынша, оператор бұл акцияға әрбір дәрігердің балалары жеңіл қосылуы үшін барлығы қарапайым жасалған: олар тек SMS-тегі сілтеме арқылы өтіп, сайтқа тіркелер кезде жеке кодты енгізсе болғаны. Осыдан кейін жеке кабинетке кіру мүмкіндігі ашылады және жаттығуды бастай беруге болады.
Егер қазақстандық дәрігерлердің біреуі тиісті SMS хабарлама алмаған болса, онда ол www.med.qlang.kz сілтемесімен сайтқа кіріп, тіркелу кезінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін ата-анасының ЖСН енгізіп, оқу алаңында тікелей осы курстарға тіркелуге болады.
«Карантин енгізілгеннен кейін, ағылшын курсына қатысып жүрген баламның өзі, тіл сабағын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Осындай қиын кезеңде тез жинақталып, жаңа жағдайға тез икемделген, сөйтіп сабақтарын онлайн форматқа ауыстырған білім орталықтарының бар екендігі қуантады», дейді Р.Жексенов. – Осы ретте коронавируспен күресте алдыңғы сапта жүрген дәрігерлердің балаларын қолдауға арналған бұл акцияны көп ойланбастан қолдадық. Бұл онлайн сабақтар қыркүйек айының соңына дейін жалғасады», - деді ол.
Еске салайық, бұл «Қазақтелеком» АҚ-ның қазақстандық дәрігерлерді қолдауға бағытталған алғашқы әрекеті емес: осы жылдың наурыз айының ортасында байланыс операторы 5 мыңнан астам қазақстандық дәрігерлерге Tele2, Altel, Kcell | activ желілерінде тегін ұялы байланыс және мобильді Интернет қызметін ұсынған болатын.
Читайте новости по меткам:
горячие новости 365 Барыс 326 Город Астана 226 Президент Казахстана 191 Алматы 175 Олимпиада-2024 156 новости министерств 148 Куандык Бишимбаев 138 паводки 135 погода 90 дети 81 пожары 69 хоккей 64 происшествия 64 футбол 63 школы 63 праздники 59 дороги 55 МВД 53 доллар 51 бокс 51 КХЛ 47 Олжас Бектенов 45 авиация 44 налоги 42 Интернет 41 нефть 40 Минздрав 39 коррупция 38 Китай 37