М. Баймуханова 45а 060000 Атырау Атырауская область Казахстан
 

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Новым 2022 годом

  • Поделиться:

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Новым 2022 годом

Президент Казахстана отметил - "нас всех ждут большие дела".

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев  с Новым 2022 годом, сообщает Bestnews.kz со ссылкой на сайт Акорды. 

"Қадірлі отандастар! Ардақты ағайын!

Міне, егемендік жылнамасының тағы бір маңызды белесіне жеттік. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылға қадам басамыз. Бұл – әрбір адам ерекше көңіл-күймен қарсы алатын айрықша әсерлі сәт. Біз өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге жоспар жасаймыз.

2021 жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Дегенмен, халқымыз кез-келген сын-қатерге төтеп беріп, барлық кедергіні еңсере білді.

Індет кезіндегі қиындыққа қарамастан, көптеген жетістікке жеттік. Экономикамыз біртіндеп оңалып, жұрт қалыпты өмірге орала бастады. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тиімді шаралар жүзеге асырылды. 

Жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымының жалақысы көбейді. Миллионнан астам тұрғын зейнетақы жинағын баспана алуға, ипотекасын өтеуге, емделуге жұмсады.  

Алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Адам құқықтары саласына қатысты іс-шаралардың арнайы жоспары бекітілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жан-жақты қолдау үшін жүйелі жұмыс жүргізілді. Парламент менің бастамам бойынша реформаларды одан әрі жалғастыруға тың серпін беретін бірқатар заң қабылдады. Жалпы, әрбір салада нақты нәтижеге қол жеткіздік.

Мемлекет халықтың әл-ауқатын жақсартып, елдің бәсекеге қабілетін арттыруға бар күш-жігерін жұмылдырды. Бір сөзбен айтсақ, биыл күрделі жыл болса да, толайым табысқа толы, жемісті жыл болды. Мұның бәрі – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы. 

Ел игілігіне қызмет етіп жүрген әрбір азаматқа осы сәтте шынайы ризашылығымды білдіремін!

Дорогие соотечественники!

Казахстан уверенно вступает в четвертое десятилетие Независимости, которое должно стать периодом всесторонней модернизации и обновления. Наша главная цель состоит в том, чтобы каждый гражданин реально ощутил положительные результаты проводимой нами работы. Важно на практике реализовать принцип «не человек для государства, а государство для человека». Поэтому интересы и заботы людей будут в центре наших реформ.

В новом году увеличится размер минимальной заработной платы и прожиточного минимума. Будут строиться новые дома и дороги. Мы усилим работу по поддержке малого и среднего предпринимательства, развитию чистой энергетики, сельского хозяйства, технологической индустрии.

Продолжится улучшение социальной инфраструктуры – школ, больниц, объектов культуры и спорта. Новый импульс получит цифровизация экономики и социальной жизни.

Пройдут выборы более трехсот акимов сельского уровня. Полиция перейдет на сервисную модель работы, чтобы сделать необратимым рост доверия граждан.

Мы также будем заниматься реформой правоохранительной и судебной систем. В целом, политическая и экономическая модернизация страны будет продолжена. Все эти планы, конечно же, нацелены на повышение качества жизни наших людей.

Нас всех ждут большие дела. Особая ответственность возлагается на тех, кто облечен властью. Мы обязаны трудиться с полной отдачей, чтобы обеспечить благополучие граждан. Пандемия еще не отступила, поэтому расслабляться нельзя. Массовая вакцинация и ревакцинация будут продолжены.

Жаһандық тұрақсыздық пен геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, жалпыұлттық бірлігімізді бекемдеп, табысымызды арттырып, еліміздің күш-қуатын нығайта беру – өте маңызды. Біз осылайша дамудың жаңа сатысына шығуымыз керек.

Қазақстанның жарқын болашағы өз қолымызда, яғни ел тағдырына бей-жай қарамайтын,  нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес азаматтардың қолында.  

Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек.

Особое внимание нужно уделить детям. Их благополучие – надежная гарантия успешного будущего нашего государства. Поэтому считаю, что следующий год следует объявить Годом детей.

Речь идет не о лозунгах и праздничных мероприятиях, но прежде всего, о конкретных мерах со стороны властных органов в области здравоохранения, образования, социального обеспечения с целью защиты детства. Гармоничное развитие и счастливое детство подрастающего поколения – это наша общенациональная задача.  

Қымбатты достар!

Жаңа жыл кешінде бәріміз мерекелік көңіл-күймен бір-бірімізге ақ тілегімізді арнаймыз. Келер күннен тек жақсылық күтеміз. Қазақтың жыл қайыру дәстүрі бойынша 2022 жыл – Барыс жылы. Асқар шыңды мекендейтін тау тағысын халқымыз киелі санаған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі және Тәуелсіздік монументіндегі барыс бейнесі – соның көрінісі. Бүгінде қанатты барыс жаңа Қазақстанның символына айналды.   

Тұран жолбарысын қайта түлету жоспарымызда бар. Бұл да келесі жылмен сәйкес келетін маңызды міндет. Алдағы жыл еліміз үшін тың қарқынмен дамитын берекелі жыл болсын!     

Жаңа жылда әр шаңырақ шаттыққа кенелсін!  Баршаңызға амандық, бақыт тілеймін! Егемен еліміз өсіп-өркендей берсін!

Дорогие друзья!

От всей души желаю вам благополучного, счастливого Нового года! Пусть здоровье, успех и удача станут вашими надежными спутниками в наступающем году!

Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!"

Фото: пресс-служба Акорды

Bestnews.kz
Подпишитесь на наш Telegram
  • Поделиться:

Запрещается использовать нецензурную лексику, а также нарушать законы Республики Казахстан, защищающие честь и достоинство граждан РК. Запрещается использовать фейки и разжигать межрелигиозную, межрасовую и межнациональную ненависть и рознь!
Подписаться на канал новостей Bestnews:
Google News Yandex News Yandex Zen
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Новым 2022 годом Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Новым 2022 годом
М. Баймуханова 45а 060000 Атырау Атырауская область Казахстан