Депутат Тілеухан министр Аймағамбетовке: «Орта білімегі проблемаларды шешсең, хатшың болуға дайынмын»

21.10.19
14:04
533

Осындай ұсыныс депутат Бекболат Тіеухан Парламент Мәжілісіндегі білім мәселесіне арналған Үкімет сағатында жасады, деп хабарлайды Bestnews.kz тілшісі.

«Білім саласынан, оның ішінде орта білімнен маңызды мәселені көріп тұрғаным жоқ. Жасыратыны жоқ орта білімдегі сорақылық, оқулық мәселесі қоғамның титығына әбден жетті. Бала түгілі ата-анасы түсінбейтін тақырып, шешілмейтін есеп қоғам тарапынан қандай сынға ұшыраса да міз баққан жүйе жоқ. Мазақ па, енжарлық па, оны түсінбедік. Бізде Конституция бойынша жалпы негізі білім алу ақысыз, бірақ жақсылап оқыту үшін репетитор жалдауға мәжбүр боламыз», - деп айтты Тілеухан.

«Бүгінге білім жүйесін қарап отырсақ, құрдымға беттеп бара жатыр. Қай жағынан келсек те, сын көтермейді. Сондықтан жүйені түбегейлі қайта қарау керек. Оқулық шығару жүйесін, мұғалімдер даярлауды қайта қараған жөн. Асхат, жақсы жігітсің, азаматсың. Енді осы мәселелерге қажыр-қайратпен кірісейікші. Тап осы мәселе шешілетін болса, депутаттық мандатымды беріп, сенің қабылдау бөлмеңе барып, көмекші әрі хатшы болып баруға дайынмын», - деді сонында Бекболат Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтқан сөзінде.

Фото: parlam.kz

  • Подписаться на канал новостей Bestnews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen