Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 31 рейс кешіктірілді

19.02.20
10:53
220
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта 31 авиарейс кешіктірілді, деп хабарлайды Bestnews.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі және баратын әуежайдағы нашар метеожағдайлар себебінен ұшып келуі тиіс 16 рейс кешігуде:

 
- «Air Astana» авиакомпаниясының 8 рейсі (оның ішінде Ташкент, Санкт-Петербург және Шарм-эль-Шейх қалаларынан халықаралық рейстері);
 
- «SCAT» авиакомпаниясының Өскемен және Шымкент қалаларынан 2 рейсі;
 
- «Qazaq Air» авиакомпаниясының Петропавл және Қостанай қалаларынан 2 рейсі;
 
- «Fly Arystan» авиакомпаниясының Шымкент, Алматы және Қостанай қалаларынан 3 рейсі;
 
- «Etihad Airways» авиакомпаниясының Әбу-Дәби қаласынан 1 рейсі.
 
Әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі және ұшып шығатын әуежайдағы ауа райының нашарлауы себебінен ұшып шығуы тиіс 15 рейс кешігуде:
 
- «Air Astana» авиакомпаниясының 7 рейсі;
 
- «Qazaq Air» авиакомпаниясының Ақтобе және Қостанай қалаларына 2 рейсі;
 
-«Fly Arystan» авиакомпаниясының Шымкент, Алматы және Қостанай қалаларына 3 рейсі;
 
«Turkish Airlines» а/к Ыстамбұлға,​ «Etihad Airways» а/к Әбу-Дәбиге және «FlyDubai» а/к Дубай қаласына ұшатын рейстер кешіктірілді.
 
Желдің қатты екпініне (секундына 15 м және одан жоғары) байланысты, ұшу қауіпсіздігі мақсатында әуе кемелерін мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді.
 
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді.​
  • Подписаться на канал новостей Bestnews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen
Нашли ошибку