01.06.2016 в 17:43

Израиль мемлекеті «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу келесіміне қол қойды

Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «ЭКСПО-2017» израильдік секциясының комиссары Элазар Коэн қол қойды, деп хабарлайды ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

 

Ұлттық компания басшысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануда әлемдік деңгейде алғашқы орындардың бірін иеленетін Израильдің көрмеге қатысуы ЭКСПО-2017 сәтті өтуінің маңызды факторы екендігіне тоқталды.

«Бүгін Израиль мемлекеті көрме қатысушысы атанды. Бұл келесімге қол қою – Қазақстан мен Израиль мемлекеттерінің екі жақты тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастығының жемісі», - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.

«Осыдан бірнеше жылдар бұрын біздер энергетикаға мұқтаж елдердің қатарында болатынбыз. Алайда, мемлекеттік бағдарламаның арқасында ұазіргі таңда біздің мемлекетіміз баламалы энергетиканы пайдалануда алдыңғы қатардан табылып келеді. ЭКСПО-2017 көрмесі әлем алдында осы уақытқа дейін баламалы энергетиканы пайдалану саласында қол жеткізген жетістіктерімізді көрсету алаңына айналатындығына сенімдіміз», - деді «ЭКСПО-2017» көрмесінің Израиль секциясының комиссары Элазар Коэн

Айта кету керек, бүгінге халықаралық көрмеге 89 мемлекет пен 15 халықаралық ұйым қатысатындығын ресми растады.

 

Прочитано 4030 раз

Друзья! У Bestnews.kz нет спонсоров, акционеров, мы всё пытаемся делать на свои деньги. Поддержите нас, пожалуйста, а мы не подведём вас -;)

Оказание помощи посредством платежа банковской картой онлайн

Подпишитесь и получайте новости первыми

А также читайте Bestnews.kz в Яндекс Дзен

Новости партнеров