17.06.2015 в 18:32

Ә. Жақсыбеков Астана ЭКСПО-2017 құрылыс алаңында көшпелі кеңес өткізді

Астана қаласының әкімі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбеков көрме кешені нысандарының құрылыс барысын тексеріп, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК топ-менеджменті, Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, сонымен қатар, мердігерлік ұйымдар мен инвестициялық компаниялардың басшыларының қатысуымен көшпелі кеңес өткізді.

Ә. Жақсыбеков алдағы көрменің басты нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен егжей-тегжейлі танысты.

Жалпы ауданы 174 гектарды құрайтын құрылыс алаңында Қазақстанның басты павильоны, конгресс-орталық, амфитеатр, халықаралық павильондар, сауда, ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері, қонақ үйлер және басқа да нысандар салынып жатыр.

Кеңес барысында Ә. Жақсыбеков құрылысты уақытылы қаржыландыру, Қазақстан павильоны, көрме нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ә. Жақсыбеков шара барысында көрме алаңдары мен қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне бөлек тоқталып өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Прочитано 3263 раз

Друзья! У Bestnews.kz нет спонсоров, акционеров, мы всё пытаемся делать на свои деньги. Поддержите нас, пожалуйста, а мы не подведём вас -;)

Оказание помощи посредством платежа банковской картой онлайн

Подпишитесь и получайте новости первыми

А также читайте Bestnews.kz в Яндекс Дзен

Новости партнеров