10.06.2015 в 11:40

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК ХКБ Бас Ассамблеясының 157-сессиясында есеп берді

Астана ЭКСПО-2017» ҰК Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының отырысында Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы жөнінде есеп берді. Көрмені қабылдайтын ел егжей-тегжейлі есеп беру үшін жылына екі рет Парижге барып қайтады, бұл ХКБ-ның жобаның жүзеге асырылу барысына жоғары деңгейде бақылау жүргізетіндігін айғақтайды.

Қазақстан делегациясының қатысуымен өткен ХКБ Бас Ассамблеясының 157-сессиясы 2015 жылдың 9 маусымында Парижде өз жұмысын бастады. Отырыс кезінде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жөнінде толық есеп берілді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы орынбасары Вера Кобалия өзінің баяндамасында көрме аумағындағы нысандардың құрылысы бекітілген кестеден оза жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Ғимараттардың іргетасын қалау және жертөле қабаттарын салу секілді жұмыстар аяқталып біткені туралы мәлім болды. Жалпы алғанда, бүгінгі күні бүкіл құрылыс-монтаж жұмыстарының 35%-ы аяқталып біткен.

«Ауаға шығарылатын СО2 мөлшерін азайту», «Энергия тиімділігі жоғары өмір салты» және «Барлығына арналған энергия» деп аталатын тақырыпшалардан тұратын көрменің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы төрт тақырыптық павильонда кеңінен ашып көрсетіліп, көрмеге келушілер энергия көздерінің сан-алуан түрлері, Жердің энергия байлықтарын адамзат қалай тұтынып жатқандығы және энергетика жүйесінің келешекте дамуы мүмкін бағыттары жөнінде жан-жақты мәлімет алатын болады. Қазіргі таңда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК көрме мазмұнында қамтылған мәселелерді жеке-жеке пысықтап, тақырыптық павильондардың құрылымын толығымен жетілдіруге кірісіп кеткен.

Париждегі отырыс барысында күзде Астанада өтетін «Болашақ энергиясы» форумын өткізу туралы мәлімет ұсынылды. Биылғы форум көрмеде қамтылатын «Энергия тиімділігі» деп аталатын екінші тақырыпшаға арналатын болады. Естеріңізге сала кетейік, «Ауаға шығарылатын СО2 мөлшерін азайту» тақырыбына арналған бірінші форум 2014 жылы өткен болатын.

* * *

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және оны өткізу үшін 2013 жылдың 15 қаңтарындақұрылды. Көрме Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді.

Оған 100 ел, 10-нан аз емес халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ 5 миллионға жуық рет келеді деп күтілуде.

Прочитано 2548 раз

Друзья! У Bestnews.kz нет спонсоров, акционеров, мы всё пытаемся делать на свои деньги. Поддержите нас, пожалуйста, а мы не подведём вас -;)

Оказание помощи посредством платежа банковской картой онлайн

Подпишитесь и получайте новости первыми

А также читайте Bestnews.kz в Яндекс Дзен

Новости партнеров