GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu
Астана
Сегодня 24 апр 2018г.

        
Присылайте новости:
mail@bestnews.kz
+7(701) 7070537

Смотри Bestnews TV

A+ A A-

Астанада Наурыз мейрамы қалай өтеді

Астанада Наурыз мейрамы қалай өтеді
  • Нравится
  • Фото с сайта 1show.kz

    Астанада Наурыз мейрамына орайластырылған шаралар 5 алаңда және 10 тұрғын алабында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

    21-23 наурызда «Хан Шатыр» СОСО жанындағы алаңда үлкен этноауыл ашылады. Мұнда 19 киіз үй тігіледі, шығыс базары, сауда орындары, алтыбақан орнатылады.

    Әрбір киіз үйдің жанында Астана қаласының театрларының артистерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі. Сауда орындарында ыстық шығыс тағамдары сатылады. Шығыс базарының аумағында көрме-сауда ұйымдастырылады, қолөнер шеберлері сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын жасауды үйретеді.

    Елорда тұрғындары мен қонақтарына бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылады.

    Сонымен қатар, Астананың жетекші шығармашылық ұжымдарының концерттері өтеді. Атап айтқанда, «Қорқыт» дәстүрлі музыка ансамблі, «Сарыарқа» халық аспаптары ансамблі, Астана қаласының қуыршақ театры, Астана қаласының ммемлекеттік академиялық филармониясының солистері және қазақстандық эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салады.

    Бұдан басқа, жиналған қауым қазақша күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қой көтеру сынды спорттық жарыстарға қатыса алады. Сондай-ақ, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында иттер жарысы мен төбет және тазылар көрмесі өткізіледі.

    21 және 22 наурызда мерекелік бағдарлама «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда («Шабыт» ҚҰӨУ жанында), қалалық әкімдіктің жанындағы алаңда, Студенттік саябақта («Қазақстан» спорткешенінің аумағы) және «Жастар» театрының алдындағы аумақта (вокзал ауданы) ұйымдастырылады. Наурыз мейрамына арналған халықтық серуендер өтетін барлық алаңдарда киіз үйлер тігіледі, алтыбақандар орнатылады, спорттық жарыстар мен қазақстандық эстрада орындаушыларының қатысуымен концерттер өтеді, қонақтарға бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылады.

    Киіз үйлерде қазақ халқының «Бата беру», «Тұсаукесер», «Айтыс», «Ұлттық ойындар», «Беташар», «Көрісу-амандасу», «Бесікке салу», «Ат қою» сынды дәстүрлері көрсетіледі.

    Астананың шет аумақтарында да мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Наурыздың 18-і мен 22-сі аралығында Наурызға орайластырылған концерттер мен шаралар Железнодорожный, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино, Пригородный, Ильинка, Көктал-1, Көктал-2 және Өндіріс тұрғын алаптарында өтеді.

    «Алжир» мұражай мемориалдық кешенінде «Қош келдің, Наурыз!» көрмесі ашылды. Көрме 6 бөлімнен тұрады: «Наурыз мейрамыңмен!», «Ұлттық тағамдар», «Ұлттық салт-дәстүрлер», «Қазақ ұлттық ойындары», «Ұлттық музыкалық аспаптар мен зергерлік бұйымдар», сондай-ақ «Алаш» залында қазақ ұлттық киімінің, экспонаттар мен Ақмол ауылының №5 орта мектебінің оқушыларының суреттерінің экспозициясы ашылады. Көрме 24 наурызға дейін жалғасады.

    19 наурызда сағат 15:00 - 17:00 «Алау» мұз сарайында «Асық Party» асық ату жарысы өтеді. Оған Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры мен «Жастар» театрының актерлары қатысады. Келушілер елордалық театр артистерімен сайысқа түседі.

    22 наурызда «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының қойылымы өтеді, жаңа музыкалық редакцияның авторы – қоюшы-дирижер Абзал Мұхитдинов.

    Осы күні сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында М. Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы, 23 наурызда Ш. Мұртазаның осы аттас драмасының желісі бойынша қойылған «Бір кем дүние» спектаклі, сенбі және жексенбі күндері «Қараш-Қараш» пен «Ғасырдан да ұзақ күн» спектакльдері көрсетіледі.

    24 наурызда М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Рэй Кунидің пьесасы бойынша «Смешные деньги» комедиясы (режиссері – ҚР еңбек сіңірген артисі Бекпулат Парманов) көпшілік назарына ұсынылады.

    Бұрын хабарланғандай, Астанада Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 20 жуық мәдени шара ұйымдастырылады. Басты мерекелік шаралар ашық алаңдарда өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік коцерттер, көрмелер мен қаланың театрларында премьералық көрсетілімдер тамашалай алады.

    «Астана» концерт залында 23 наурызда «Шаншар» әзіл-сықақ кеші, 25 наурызда «Шалқыма» халық би ансамблінің, «Рауан» би ансамблінің және класссикалық пен эстрадалық вокал солистерінің қатысуымен «Би әлемі» концерті өтеді.

    Елордалық қуыршақ театрында балаларға арналған «Легенда о Наурызе», «Қаңбақ шал» және «Приключения Наурызбека», ертегілер көрсетіледі. Орыс драма театры да кішкентай көрермендерін Наурыз мейрамында «Домик для царя зверей» және «Аленький цветочек» ертегілерімен қуантпақ.

    © 2012—2016 Bestnews.kz. Вся информация, размещенная на данном веб-сайте, предназначена только для персонального пользования и не подлежит дальнейшему воспроизведению и/или распространению в какой-либо форме, иначе как с письменного разрешения Bestnews.kz.
    Наверх

    Читайте также:


    У РИА Bestnews.kz нет никаких спонсоров.
    Если вы готовы помочь, то поддержите нас, пожалуйста, вашими переводами.
    Заранее вам низкий поклон)


    4390 88300 0996 9781
    +7 701 707 05 37

    Webmoney: K466837250565 и R598204060057

    Только на Bestnews.kz

    Эксклюзив

    Павел Акользин: «Умею забивать, показал это»

    Пожалуй, самый габаритный нападающий казахстанского хоккея – рост 196 см, боевой вес 100 кг – Павел ...

    Эксклюзив

    Арыстанбек Мухамедиулы о предложении фанатов уволить руководство «Барыса»: «Болельщики имеют право на свое мнение»

    Министр культуры и спорта Казахстана Арыстанбек Мухамедиулы в эксклюзивном интервью корреспонденту B...

    Эксклюзив

    Ерлан Сагадиев ответил, почему в Казахстане не может быть отменено ЕНТ

    Министр образования и науки Казахстана Ерлан Сагадиев прокомментировал предложение некоторых депутат...

    Эксклюзив

    Мадина Абылкасымова: «На кухне я готовлю всегда сама»

    Со дня назначения Мадины Абылкасымовой министром труда и социальной защиты населения Республики Каза...

    ФОТО

    Картанбаевой все "покер". Хоккеистки "Томирис" сделали дуршлаг из ворот "Горняка"
    ФОТО

    Картанбаевой все "покер". Хоккеистки "Томирис" сделали дуршлаг из ворот "Горняка"

    Команда «Томирис» успешно начала третий тур чемпионата Казахстана среди женских команд. В первом матче астанчанки обыграли соперниц из команды «Горняк» (Рудный) – 19:0, сообщает Bestnews.kz со ссылкой на пресс-службу ХК "Барыс". 

    142
    Картанбаевой все "покер". Хоккеистки "Томирис" сделали дуршлаг из ворот "Горняка"
    ФОТО

    Картанбаевой все "покер". Хоккеистки "Томирис" сделали дуршлаг из ворот "Горняка"

    Команда «Томирис» успешно начала третий тур чемпионата Казахстана среди женских команд. В первом матче астанчанки обыграли соперниц из команды «Горняк» (Рудный) – 19:0, сообщает Bestnews.kz со ссылкой на пресс-службу ХК "Барыс". 

    142
    Какие три буквы в почете у водителей в Северном Казахстане
    ФОТО

    Какие три буквы в почете у водителей в Северном Казахстане

    Свыше 12 миллионов тенге заплатили автолюбители СКО за государственные регистрационные номерные знаки, сообщает Bestnews.kz со ссылкой на пресс-службу областного ДВД. 

    293
    В Алматинской области зафиксирован сдвиг горной массы в сторону озера Кольсай
    ФОТО

    В Алматинской области зафиксирован сдвиг горной массы в сторону озера Кольсай

    В результате визуального осмотра оползнеопасных участков, наблюдателями гидропоста «Кольсай» ГУ «Казселезащита» КЧС МВД РК в Алматинской области обнаружен сдвиг горной массы, сообщает Bestnews.kz со ссылкой на пресс-службу Комитета по ЧС МВД РК. 

    203
    Сотрудники Генпрокуратуры в Астане изучают латиницу и в лифте
    ФОТО

    Сотрудники Генпрокуратуры в Астане изучают латиницу и в лифте

    В лифте здания Генпрокуратуры в Астане на самом видном месте висит алфавит на латинице, сообщает Bestnews.kz.

    106
    Все фото

    Свидетельство о регистрации СМИ №12869-ИА выдано Комитетом информации и архивов Министерства культуры и информации РК 05.07.2012

    Редакция не несет ответственности за достоверность информации, содержащейся в рекламных объявлениях. Редакция не предоставляет справочной информации.

    Правила использования информации

      DivideGroupразработка сайта