Шымкентте 900 пəтерді құрайтын 30 көпқабатты үй беріле басталды - Новости Казахстана на сегодня, последние новости мира, Налоговый кодекс
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu
Астана
Сегодня 25 Июль 2017г.

        
Присылайте новости:
news@bestnews.kz
+7(701) 7070537

Димаш Құдайберген
Новости. Фото. Видео

A+ A A-

Шымкентте 900 пəтерді құрайтын 30 көпқабатты үй беріле басталды

Шымкентте 900 пəтерді құрайтын 30 көпқабатты үй беріле басталды
  • Нравится
  • Аким ЮКО поздравил новоселов

    2015 жылы Шымкент қаласы «Асар» шағын ауданында 5 қабатты 30 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. 900 пәтерді құрайтын жаңа тұрғын үй алабының құрылысына 7 миллиард 652 миллион теңге жұмсалды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    Бүгінде тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталып, тұрғындарды қоныстандыру ісі басталды. Жаңа жылдың алдында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қуанышқа кенелген ең алғашқы 42 отбасыға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.

    «Тұңғыш Президентіміздің көшбасшылығымен Қазақстан жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырып жатқан санаулы мемлекеттердің бірі. Шымкент қаласында «Өңірлерді дамыту – 2020» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының аясында 2015-2016 жылдары 82 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 5636 отбасы жаңа баспаналарда қоныс тойларын тойлады», - деді облыс басшысы.

    Аймақ басшысы биыл облысымызда 80 мыңға жуық сәби өмірге келгеніне тоқталып, тұрғын үй салу жұмысы алдағы жылы да қарқын алатынын жеткізді. Сондай-ақ жаңа пəтер иелерін аулаларды көгалдандыру мен тал егу жұмыстарына белсенді түрде қатысуға шақырды.

    Айта кетейік, «Асардағы» 5 қабатты 30 тұрғын үйдің құрылысын «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС-гі жүргізген. Жаңа пәтерлер тұрғындарға жалға алу құқығымен ұзақ жылға беріліп отыр. Мұндағы баспаналардың бір бөлмелісі – 42, екі бөлмелісі 54, үш бөлмелісі 74 шаршы метрлі 900 пәтерді құрайды.

    Айта кетейік, «Асар» шағынауданынан пайдалануға берілетін 900 пәтерге жалға беру жүйесі бойынша «E-gov» порталы арқылы 4076 өтініш қабылданған.


    Читайте также:


    © 2012—2016 Bestnews.kz. Вся информация, размещенная на данном веб-сайте, предназначена только для персонального пользования и не подлежит дальнейшему воспроизведению и/или распространению в какой-либо форме, иначе как с письменного разрешения Bestnews.kz.
    Наверх

    . (3)

    Все видео

    . (5)

    Все видео

    Свидетельство о регистрации СМИ №12869-ИА выдано Комитетом информации и архивов Министерства культуры и информации РК 05.07.2012

    Редакция не несет ответственности за достоверность информации, содержащейся в рекламных объявлениях. Редакция не предоставляет справочной информации.

    Правила использования информации

      DivideGroup — разработка сайта